2024 жылғы 29 қарашада «Астана» медицина университеті КЕАҚ университетінің студенттері арасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу науқаны аясында «Дұрыс жолды - адам құқықтары жолын таңда» ұранымен пікірталас өтті.

WhatsApp Image 2024 11 29 at 17.05.45

            Пікірталасқа стоматология факультеті мен медициналық профилактикалық іс факультетінің 2 курс студенттерінен құрылған 4 команда қатысты, командалар арасында жеребе тартылып, «жақтаймын» және «қарсымын» позициясы бекітілді.

Болашақ дәрігерлер әртүрлі: «Әр адамға АИТВ-ға тест тапсыру міндетті болуы керек пе?», «Өзге адамның АИТВ статусын жариялауды ақтауға бола ма?», «Егер басшының пікірінше айналасындағыларға инфекция қаупі бар болса, АИТВ-позитивті қызметкерді жұмыстан шығара алады ма?» атты тақырыптар бойынша өздерінің пікірлерін білдірді.

Студенттер АИТВ/ЖИТС мәселелері мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары бойынша, сонымен бірге толерантты көзқарас сұрағында өздерінің білімдерін көрсетті. Іс-шара барысында студенттер конфиденциалды түрде АИТВ-инфекциясына экспресс-тест тапсырып, ақпараттық-ағарту құралдарымен қамтылды.

Пікірталасты қорытындылай келе Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті деканының орынбасары Ф.Ж. Жарықбасова, Микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.У. Дусмагамбетов, м.ғ.к., профессор А.У. Байдусенова, м.ғ.к., профессор Б.С. Урекешов және АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандарынан құрылған комиссия студенттердің білімін бағалап, жүлделі орындарға ие болған белсенді командаларға құрмет грамоталарын табыстады.

WhatsApp Image 2024 11 29 at 17.05.45 1

WhatsApp Image 2024 11 29 at 17.05.53