Жастардың АИТВ-дан қорғану мен қажетті сақтық шаралары туралы білім деңгейін арттыруда профилактикалық дәрістердің маңызы айрықша. Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық бөлімінің жұмысының жосапырында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесулер өткізу басымдыққа ие.

WhatsApp Image 2024 12 03 at 16.11.41

   АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Айгүл Ыдырысова кәсіптік-техникалық колледждің студенттеріне АИТВ-ның ерекшеліктерін, берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру дәрісін өткізді.

  Жастармен қарым-қатынас жасау барысында маман ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар АИТВ-ға қатысты өздерінің сұрақтарын қоюдан тартынбауы үшін сенімді атмосфераны құруға тырысты. А. Ыдырысова тыңдаушыларға "әрбір адам өзінің АИТВ-статусын білуі тиіс" екенін ескертіп, тест түрлері мен АИТВ-ға талдау нәтижесінің мәндері туралы атты.

    Дәріске қатысқан 68 студентке ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

WhatsApp Image 2024 12 03 at 16.11.42

WhatsApp Image 2024 12 03 at 16.11.42 1