2024 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жастардың хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының, «Жас толқын» және «Аstana clinic» жастар денсаулық орталықтарының мамандары Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.

WhatsApp Image 2024 12 10 at 17.22.48

           ЖИТС-пен күрес күні және оның бүкіл әлемде АИТВ-ның таралуын тежеудегі рөлі талқыланған дәріс-семинар студенттердің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасына қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды.

Жүргізіліп жатқан ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жастардың мінез-құлқына жағымды әсер қалдырғандықтан желтоқсанның алғашқы онкүндігінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар, атап айтқанда студенттік жастармен, еңбек ұжымдарымен және жалпы халық арасында кездесулер, дәрістер, әңгімелер мен семинарлар өткізу жалғасатын болады.      

       Студенттермен кездесу өткізген дәрігер-эпидемиолог А.И. Жаманова «Студенттердің талқылау процесіне қатысуы олардың АИТВ мәселесіне бей-жай қарамайтындығын және АИТВ инфекциясына өзін қорғауға байланысты мінез-құлық қағидаларымен таныс екендіктерін көрсетті. Бұл болашақта жастардың қауіпті жағдайлардан өздерін қорғауға көмектеседі. Студент қауымы - бұл болашақ маман иелері болғандықтан, олардың қандай да болмасын жағдайларға дайын болуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген қарым-қатынасы еліміздегі АИТВ жағдайын өзгертуге көмектесуі мүмкін»,- деді.

WhatsApp Image 2024 12 10 at 17.22.56