2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау, Білім басқармалары мен Полиция департаменті арасындағы үшжақты іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог А.А. Идрисова, дәрігер-психотерапевт А.К.Ережеп «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп - полиция майоры, тергеу бөлімінің аға тергеушісі  Д. С. Қарабаева мен тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Д. Д. Бекенов, № 22 мектеп-гимназиясында ата-аналармен кездесу өткізді. Іс-шара ата-аналарды тәрбие және білім беру процессіне тартуға бағытталған. Кездесуде әрбір отбасы үшін жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және АИТВ-инфекциясының алдын алу сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.

WhatsApp Image 2024 12 11 at 16.13.27

       Спикерлер балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін есірткі заттарының зияны мен нашақорлықтың салдары туралы айтты. Дәрігер-эпидемиолог Айгүл Идрисова АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және жыныстық жолмен берілетін жағдайлардың таралуының өсуі жағдайында алдын алу шаралары туралы айтып берді.

           - «15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғаныс шаралары, сондай-ақ вирустың таралу қаупін арттыратын жағдайлар туралы ақпарат қол жетімді болу керек. Көбінесе, бұл жағдайда ата-анамен ашық сөйлесу көмектеседі», - дейді психотерапевт Ақтоты Ережеп.

         Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы жоғары сынып оқушылары мен студенттердің АИТВ туралы хабардарлығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Сондай, ақ, семинарлармен, дәрістермен бірге, мамандармен берілген ақпаратты бекіту үшін «үй тапсырмасы» немесе сауалнама форматы қолданылады, онда жасөспірімдер мұғалімдермен, сыныптастарымен, сондай-ақ ата-аналармен немесе отбасы мүшелерімен талқылауға, ойлануға және талқылауға мүмкіндік алады. Бұдан жеке,ата-аналармен ақпараттық-білім беру жұмысы ата-аналар жиналыстарында немесе мессенджерлер арқылы өзекті ақпаратты тарату арқылы жүргізіледі.

WhatsApp Image 2024 12 11 at 16.13.27 1

WhatsApp Image 2024 12 11 at 16.13.28