2025 жылғы 25 маусымда Астана қаласында АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары №3 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинар тақырыбы: «Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру. Жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тестілеумен қамту». Семинарға 19 медицина қызметкері қатысты. Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері, оның ішінде АМСК деңгейінде жүкті әйелдерді жүктілік кезінде АИТВ-ға тестілеумен қамту және есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестерін тексеру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықты АИТВ инфекциясына уақтылы тексерудің негізгі қағидаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.