2025 жылы 25 тамызда Астана қаласы Полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасында жеке құрамға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында жиын ұйымдастырылды.

     Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, аурудың таралу жолдары мен одан қорғану әдістерін түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

123 2

   Жиын барысында Г.Е. Каратаева дәрігер эпидемиолог АИТВ-ның жұқтыру жолдары мен алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жүйелі тексерілудің қажеттілігі мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікті болдырмау мәселелері қарастырылды.

    Соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Жиын150 адамды қамтыды.

WhatsApp Image 2025 08 26 at 16.44.26