2025 жылғы 8 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Жолдауда көрсетілгендей, денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр:
Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек.
Қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды: Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды.
Алдағы уақыттағы мақсат - өңірлерде салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық шырғалаңға салмай, пайдалануға беру қажет, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы салуды жалғастыру. Бұл азаматтарға үйге жақын сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
👩⚕️Елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыс өз жалғасын табады.
💡 Үкіметке фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейтуге, жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тапсырма берілді.