2025 жылғы 5 желтоқсанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ДүниежүзілікЖИТС-пен күрес ақпараттық науқаны аясында, Астана қаласының АИТВинфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Айтмағанбетқызы «SHALQAR» республикалық радиосының «Жандауа» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі.
Эфир барысындаАстана қаласыныңтұрғындары менқонақтарына науқанның мақсаты, АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, елордадағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы, емдеу жолдары және инфекцияны ерте анықтаудың заманауи әдістері туралы баяндалды.
Жанна Айтмағанбетқызы атап өткендей, АИТВ-ға үнемі тестіден өту және ерте анықтау аурудың таралуын азайтудың негізгі шаралары болып табылады. Бұл шаралар дер кезінде емдеуді бастауға және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға көмектеседі.









