Астана әскери қызметшілері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқанға белсенді қатысуда. Осы күнге арналған іс-шаралар жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
8 желтоқсанда № 83205, 99255 Әскери бөлімнің және Әскери полиция басқармаларының 120 қызметшісіне «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Жас әскери қызметшілер жоғары қызығушылық танытып, АИТВ-ның таралуын болдырмауға байланысты мәселелерді белсенді талқылады.
Қатысушыларға АИТВ-ға тұрақты тестілеудің маңыздылығы, сондай-ақ тегін және құпия тексерудің қолжетімділігі туралы айтылды. Сонымен қатар, алдын-алудың заманауи әдістері, соның ішінде байланысқа дейінгі профилактика туралы ақпарат назарларына ұсынылды.










