2026 жылғы 3 ақпанда Нипах вирусының эпидемиологиялық жағдайына арналған семинар өтті. Іс-шара барысында әлемдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты өзекті мәліметтер ұсынылды, Қазақстан Республикасының аумағына инфекцияның әкеліну қаупі қаралды, сондай-ақ Нипах вирусының эпидемиологиясы, клиникалық көріністері және берілу жолдарының ерекшеліктері талқыланды.

WhatsApp Image 2026 02 03 at 14.02.06

 Алдын алу мәселелеріне, эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруға және денсаулық сақтау жүйесінің ықтимал қауіптер мен қатерлерге дайын болуына арнайы назар аударылды.

   Семинар қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін уақтылы ақпараттандырудың, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.

 WhatsApp Image 2026 02 03 at 14.02.07