111111112

2019 жылдың 15 мамырында «Тұлпар» сауда кешенінде Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ЖИТС орталығының мамандарының, №1 қалалық емхананың қызметкерлерінің және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының белсенді қатысуымен халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша акция ұйымдастырып, өткізді.

Акцияда «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды, онда қала тұрғындары мен қонақтары қан қысымын өлшеуге, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтауға, дене салмағының индексін білуге, АИТВ-ға экспресс-тестілеу жүргізуге мүмкіндік алды, сондай-ақ СӨС ҚО, ӘМСҚ мамандарынан тегін кеңес алды.Барлық қатысушыларға салауатты өмір салты және АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпараттық-білім материалдары таратылды.

Сауда кешеніндегі акцияға қатысушылар мен келушілер арасында сауалнама жүргізілді. Оқу-клиникалық орталығының мамандарына шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізу үшін жеке аймақ бөлінді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ астаналық филиалының Халықпен жұмыс жөніндегі бөлімінің сарапшысы клиенттермен кеңес өткізу кезінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанның заманға сай алға қадам басуыңа көмектесетінін атап өтті! Сарапшылар МӘМС тиімділігі мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың денсаулық сақтау мәселелеріндегі ортақ жауапкершілігіне негізделеді деп есептейді. Акцияға көптеген республикалық байқаулардың, оның ішінде «Арай», «Сәлем Астана» байқауларының Гран-при иегері Гүлдана Азизхан қатысты.

111111113