Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК базасында 2019 жылдың 28 маусымында медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына және АИТВ-ның алдын алу мен нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелері бойынша АИТВ-инфекциясы мәселелеріне жауапты мамандарға арналған семинар өтті. Семинарда Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары» ҚР ДСМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 бұйрығының негізгі талаптары бойынша 2019 жылдың 4 мамырындағы өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды. Семинар барысында апаттық жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерінің тактикасы, АИТВ жұқтыру қаупіне байланысты қатынас, қатынастан кейінгі алдын алу мәселелері талқыланды.
Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығындағы оқыту семинары
- Подробности
- Автор: user
- Категория: Uncategorised
- Просмотров: 2094