Емдеу-алдын алу бөлімі жүзеге асырады:

•АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратындарды диспансеризациялау және емдеу;
• АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратындарды ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектермен қамтамасыз ету; 
•АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босану кезінде және нәрестелерге профилактикалық ретровирусқа қарсы ем көрсету  бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу; 
•АИТВ жұқтырған ересектерді және балаларды қосымша оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония және  токсоплазмоз) химияпрофилактикамен және оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония, герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) амбулаторлық жағдайда емдеуді қамтамасыз ету;

•АИТВ жұқпасына тестілеуге дейін және тестілеуден соң психоәлеуметтік кеңес беру; 
•тұрғындардың постконтактылық ретровирусқа қарсы профилактикаға қол жетімділігін қамтамасыз ету; 
•психоәлеуметтік кеңес пен тестілеу қызметінің қолжетімділігін бағалау (соның ішінде жасырын);  
• АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратындарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру; 
•ведомстволардың медициналық ұйымдарына және медициналық қызметтеріне консультативтік, практикалық көмек беру. 
Бөлім меңгерушісі – бірінші санаттағы білікті дәрігер Шаяхметова Гулжан Тасболатовна, бөлім телефоны: 38-04-64