Алдын алу бөлімінің қызметі мыналарға:
- Астана қаласының аумағында, АИТВ-ға бейім халықтың осал топтары мен жалпы халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
- Донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдарға, ҚАЖКБ-ға, ІІД-не, ШТБ-ға консультативтік, практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге;
- АИТВ-ның таралуының алдын алу бойынша донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдар жүргізетін іс-шаралардың тиімділігін бағалауға;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 Қаулысына сәйкес АИТВ-ның таралуының алдын алу бойынша донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдарда медициналық зерттеуді ұйымдастыруға;
- донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдардың клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға зерттеу үшін контингентті іріктеудің толықтығы мен сапасын талдауға;
- профилактикалық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін, педагогтарды, оқушыларды, ата-аналарды, жасөспірімдерді, әскери бөлімшелердің жеке құрамыны, сотталғандарды, еріктілер мен жастарды дайындау үшін, медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
- жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау басқарма органдарымен, түрлі ведомстволар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, АИТВ-инфекциясының проблемасы бойынша алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға;
- АИТВ-инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуге;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте сенім пунктілері мен достық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыруға;
- түрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп ұстаздары мен оқушыларын, орта және жоғарғы оқу орындарының қатысушыларын оқытуды ұйымдастыруға;
- медициналық қызметкерлер үшін семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық ұйымдары мен медициналық қызметтердің ведомстволарына және оқу орындарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге;
- халықтың АИТВ-ға осал топтары арасында алдын алу бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізуге және бағалауға;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де бағдарламалар мен келісімдерді іске асыруға мониторинг жүргізуге;
- Халықты АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы және жұқтырудың алдын алудың әдістері бойынша ақпараттандыруға, түрлі ведомстволардың мамандарын оқытуды ұйымдастыруға, санитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығаруға және таратуға;
- АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша медициналық жұмыскерлерді оқытуға;
- шолғынды топтардағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейіне екінші буындағы эпидемиялық қадағалауды жүргізуге, алдын алу іс-шараларының кешенін әзірлеуге қатысуға;
- халықтың түрлі топтары арасында АИТВ және ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
- АИТВ-ны эпидемиялық қадағалауды және АИТВ мен ЖИТС бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулықтық, әдістемелік материалдардың жобаларын әзірлеуге қатысуға;
- БАҚ-ты тарта отырып, АИТВ мен ЖИТС-тың проблемасына бағытталған іс-шараларға қатысуға, пресс-конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, ток-шоуларды, сұрақтар мен жауаптар кештерін, мақалаларды әзірлеуді ұйымдастыруға;
- халықтың түрлі топтары үшін оқыту бағдарламаларын, оқыту мен көрнекі құралдарды, ақпараттық материалдарды әзірлеу мен таратуға қатысуға;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте сенім пунктерінің қызметін ұйымдастыруға;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте достық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
Бөлім меңгерушісі - екінші санатты білікті дәрігер Саулебаев Ұлықбек Рахимжанұлы, байланыс телефоны: 27-95-04.