Семинар-тренинг барысында мамандар студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары, қорғау әдістері, АИТВ мен ЖЖБИ-ге уақтылы тексерудің, скринингтік тексеруден және вакцинациядан өтудің маңыздылығы туралы айтып берді. Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, гинекологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге репродуктивті денсаулыққа әсер ететін қауіп факторлары туралы да айтылды.
«Біздің біліміміз — бұл біздің қорғанысымыз, біз неғұрлым ақпаратты көп білсек, аурулардың алдын алуда тиімдірек бола аламыз», — деп атап өтті қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері А.А. Идрисова. Іс шарамен 33 студент қамтылды