2015 жылдың 12 наурызында Астана қ. «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК, «Сапалы денсаулық сақтау» USAID жобасымен бірігіп «БАҚ-да АИТВ тақырыбында» журналистерге арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара мақсаты - журналистердің біліктілігін арттыру, ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын кеңейту. Бұл тренинг «Сапалы денсаулық сақтау» USAID жобасының ұйымдастырылған қолдауы арқылы өткізілді. ЮНЕСКО медиатренері АИТВ/ЖИТС мәселесін журналистерге баяндау жөнінде бірінші қазақстандық мультимедиялық әдістеменің авторы М. Максимова өзінің тәжірибесімен бөлісуге келісті.
Тренинг жұмысында Астана қаласының радио, телеарна және баспасөз құралдарының журналистері, сонымен қатар ЖИТС орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты. Қоғамда АИТВ жұқпасына шалдыққандарға төзімділік қалыптастыруда журналистердің роліне аса мән аударылды.Бағдарламада БАҚ-та басылатын материалдар, жақын арада басылатын мақалалардың себептері, осы тақырыптағы видеоролик пен тұсау кесерлерді қарастыру, халық арасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясының өсу қарқынына байланысты қоғам назарын бұл мәселені шешу үдерісіне қатыстыру, журналистердің бұл тақырыпқа назарын ынталандыру. Ұйымдастырушылармен қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ мәселесін дұрыс баяндалуы, эпидемияның таралуына және өсуіне тиімді қарсы тұруға көмектеседі деп өз пікірін айтты.