2015 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасының жаңа клиникалық-оңалту Медициналық орталығының қызметкерлеріне ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері Қ.И Күзембаева және Г.С Нұрғожина АИТВ инфекциясын алдын алу сұрақтарына арналған семинарлық сабақ жүргізді.
Сабақ барысында дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлерден жиналған аудиторияға қолданыстағы НҚА-н танысты, аталған ұйымда қолданылатын НҚА-ге қысқаша мінездеме, өмірден шынайы жағдайлардан мысалдар берілді. Стационар жағдайындағы АИТВ жұқтырған науқасқа көрсетілетін әдістерге арналған құжаттар, авариялық жағдайлар туғанда көрсетілетін алгоратим берілді, 2014 жылғы және 2015 жылдың 4 айында сынаманы жеткізу және преаналитикалық кезеңінде алу кезінде жіберілген қателіктер айтылып кетілді. ЖИТС орталығының көрсететін қызметі және АИТВ инфекциясы сұрақтары бойынша сабақтастық туралы ақпарат берілді. Аудитория семинар тақырыбына жоғары қызығушылық білдіріп, екі жақ әрі қарай бірігіп жұмыс жасауды жалғастыруға және қажетті кеңестік-әдістемелік көмек көрсетуге келісті.