2015 жылдың 13-17 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мақасатында ЖИТС орталығының мамандары Көктал кентінде орналасқан «Кировская» ОДА өткізілген «Денсаулық жолы» акциясына қатысты.


 

Акция барысында Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ/ЖИТС дегеніміз не?, АИТВ жұқпасының берілу жолдары, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, тақырыбына науқастар арасында кеңестер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, сонымен қатар медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Іс-шараға қатысқандар саны 178 адам.
Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы білімдерді арттыратын кітапшалар, үнпарақтар, постерлер таратылды.