2017 жылдың ақпанның 9 және 10 күндері Астана қаласы ЖИТС орталығымен бірлескен меморандум аясында педагогтардың біліктілігін арттыру "Өрлеу" институтының базасында "АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша жоғары сыныптарда сабақтарды өткізу түрлері мен әдістері" тақырыбына арналған мектеп мұғалімдері үшін тренингтер өтті.
ЖИТС орталығының педагогы А. Нұрмағамбетова жасөспірімдер арасында қандай интерактивті сабақ түрлерін қолдануға болатынын көрсетіп, АИТВ - инфекциясы туралы және жұғу жолдары жөнінде әңгімелеп берді. Тренингке қатысушыларға АИТВ - инфекциясы бойынша арнайы әдебиет және ақпараттық–білім материалдар таратылды. Тренингтермен 55 мұғалім қамтылды.