Астаналық АИТВ орталығының мамандары «Астана патриоты» байқауына қатысты
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың арасында «Астана патриоты» атты республикалық байқауы өткізілді.
Подробнее: Астаналық АИТВ орталығының мамандары «Астана патриоты» байқауына қатысты
Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша бейресми оқыту ұйымдастырылды
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасының аясында, медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ-мен қатар жүретін және АИТВ-мен байланысты аурулармен өмір сүретін адамдарды енгізу мәселелері бойынша бейресми оқыту бойынша семинар өткізілді.
ТолығырақМедицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша бейресми оқыту ұйымдастырылды
АИТВ инфекциясының диагностикалаудың преаналитикалық кезеңінің сапасы және экспресс-тестілеу алгоритміне туралы семинар
Астана қаласында 2025 жылы 25 шілде күні медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының диагностикасында преаналитикалық кезеңінің сапасын күшейту мақсатында, қан алудың және экспресс-тестілеу жүргізу ережелері туралы семинар өтті.
ЭКО М1 клиникасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар
2025 жылдың 28 шілдесінде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Г. Сакупова, Health and Science Center «М1» ЖШС медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарға қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды(ҚРТ) саласындағы медицина қызметкерлері қатысты.
Подробнее: ЭКО М1 клиникасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар
Аутрич қызметкерлерімен жұмыс кездесуі
АИТВ-ға қарсы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ алдын-алу және халықтың негізгі топтарының(ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығы директорының орынбасары С.Б.Мусинаның және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.