«Қазақстан жастар ақпараттық қызметi» қоғамдық қорының қолдауымен акция өткізілді
2015 жылдың 17 қазанында «Астана Молл» сауда және ойын-сауық орталығында «Қазақстан жастар ақпараттық қызметi» қоғамдық қорының қолдауымен Астана қаласының ЖИТС орталығы АИТВ - инфекциясын алдын алу акциясы өткізілді.
Астана қаласының ЖИТС орталығында дөңгелек үстел өтті
23.09.2015ж. Астана қаласының ЖИТС орталығында «Қан донорлары арасында АИТВ-ныңалдыналу сұрақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Астана қ. №1 қалалық емхана, ҚР ДС ӘД Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, ЖИТС орталығының мамандары қатысып, ҚР ДС ӘД ТҒӨО мен ЖИТС орталығының мамандары баяндамамен сөз сөйледі.
ЖИТС орталығының мамандары ЖББМ дәріс оқыды
2015 жылы 18-29 қыркүйек аралығында Астана қаласының № 40-50 жалпы білім беру мектептерінде 9,10,11 сынып оқушыларына ЖИТС орталығының мамандары Бексұлтанова Д.Т., Каратаева Г.Е. АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу сұрақтары бойынша, берілу жолдары мен ҚР және Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы тақырыптарына дәрістер өткізді. Дәріске 405 адам қатысты. Барлығына ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар) таратылып, «Өмір ағашы» атты фильмі көрсетілді.
Астана қ. «Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау»колледжінде семинар өткізілді
2015 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласының «Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау»колледжінің І-ІІІ курс студентеріне ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Бексұлтанова Д.Т. және Каратаева Г.Е. АИТВ жұқпасының алдын алу. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы тақырыптарына семинар өткізілді.