Полиция департаментімен ведомствоаралық жиын өтті
2022 жылдың 25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.
ЖИТС орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚАЖД өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық семинары
2022 жылғы 23 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес орталығында ҚАЖД өкілдерімен 2021 жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық кездесуі өткізілді.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутатымен қызметтік кездесу өтті
21 ақпан 2022 жылы ЖИТС орталығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Нұрманбетова Жамиля Нүсіпжанқызы және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Павловец Лариса Павловна қызметтік кездесуге келді.Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Гүлжамал Әлкенқызы және «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазинамен кездесу өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында ҮЕҰ өкілдерімен кеңес өтті
2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында «Human Health Institute» ҚБ, «Шаг в будущее» ҚҚ және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында Медициналық кеңес өтті
2022 жылдың 11 ақпанында ЖИТС орталығында 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.