Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының зертханалық жабдықтандырылуы
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығын медициналық жабдықтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Себебі, медициналық көмек көрсету кезіндегі диагностикалық қызметтердің сапасы персоналдың біліктілігі мен кәсібилігімен қатар, заманауи, автоматтандырылған зертханалық жабдықтармен жабдықталуына байланысты.
«Nur Otan» партиясының өкілдерімен кездесу өтті
2022 жылдың 08 ақпанында ЖИТС орталығында «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазинамен кездесу өтті.
Cалтанатты жиналыс
2021 жылғы 15 желтоқсанда, қалалық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұжымның салтанатты жиналысы өтті. Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында баяндама оқылды. ЖИТС орталығының директоры С. Абдраимов қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарын тапсырды.
№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында семинар өткізілді
2021 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Идрисова А.А. "№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКҚК-да медицина қызметкерлері арасында оқыту семинарын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының «Астана Медицина университетінде» дәріс өтті
2021 жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Медициналық университетінде» АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы дәріс өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстандық медицина қызметкерлерінің қауымдастығы, спикері ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Бексұлтанова