1.ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ

2."Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңы

3.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 116 бабы

4.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1280 Қаулысы

5.АИТВ тергеп-тексеру231_21725.03122020

6.204_20 АИТВ ерікті медзерттепқағидалары

7.211_20АИТВміндеттімедзерттеу21692.27-11-2020.kaz

8.АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік құқықтық құжаттар жинағы 

9.Инъекциялық есірткіні тұтынушылар үшін сенім пункттерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы ҚР ДСМ 2004 жылғы 09 наурыздағы №228 бұйрығы.

10.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы ҚР ДСМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығы »

11.137 бұйрық 21467.19-10-2020

12.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының азаматтарын АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және оларға консультация беру ережесін бекіту туралы"

13."Медициналық ұйымдардың эпидемиологтары үшін АИТВ инфекциясы мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" №39 бұйрық. (2.0 MB)

14.ЖИТС РО 2015 жылғы 20 шілдедегі №38 бұйрығына қосымша.

15."Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесін енгізу туралы" бұйрығы ҚР ДСМ 2012 жылғы 5 наурыздағы №144 .

16.Достық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы ҚР ДСМ 2004 жылғы 29 наурыздағы № 295 бұйрығы (31.03.2004 ж. өзгерістермен).

17.АИТВ-ға жасырын тестілеу және АИТВ/ЖИТС бойынша психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру туралы ҚР ДСМ 2004 жылғы 09 наурыздағы № 227 бұйрығы 

18.Туберкулез және АИТВ-инфекциясы бойынша бағдарламаларды интеграциялау туралы ҚР ДСМ 2009 жылғы 16 қарашадағы №722 бұйрығы.

19.Денсаулық сақтау субхектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы ҚР ДСМ 2011 жылғы 12 қыркүйектегі №616 бұйрығы.

20.Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы ҚР ДСМ 2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрығына қосымша және өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 5 қаңтардағы №10 бұйрығы.

21."Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже" ҚР ДСМ 2011 жылғы 06 маусымдағы №355 бұйрығы.

22.Инъекциялық есірткіні тұтынушылар үшін сенім пункттерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 наурыздағы №228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "ҚР ДСМ 28.02.2013 ж. №115 бұйрығы.

23.Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы ҚР ДСМ 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығы.»

24.ҚР ДСМ бұйрығы 128 бұйрық нысаны

25.Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы ҚР ДСМ 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"ҚР ДСМ 2014 жылғы 08 шілдедегі №381 бұйрығы.

26.Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2015 жылғы 23 маусымдағы №508 бұйрығы." 

27."АИТВ-инфекциясын диагностикалау зертханаларында иммунологиялық зерттеу жүргізуге жұмыс уақытының шығын нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі №370 бұйрығы.»

28."Қос инфекцияның алдын алудың кейбір мәселелері (туберкулез және АИТВ инфекциясы) 30.12.2015 ж. №1079 ҚРДСМ бұйрығы

29.2017ж. шыққан №21 ЕРЕСЕКТЕРГЕ АИТВ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАСЫ 

30.2017ж. шыққан №24 БАЛАЛАРҒА АИТВ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМДЕУДІҢ №24 КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАСЫ 

31.АИТВ инфекциясы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" 25.08.2017ж. ҚР ДСМ №648 бұйрығы

АИТВ жұқтырған әйелден жүктілік, босану кезінде немесе емізу кезінде балаға АИТВ жұқпасының берілуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені «Анадан балаға берілудің алдын алу» (АББА) терминімен белгіленеді.  АББА-ның басты міндеті – бұдан әрі уақытында араласу үшін әйелдердегі АИТВ-ты статусты  анықтау. Сондықтан барлық жүкті әйелдерге АИТВ-ға дер кезінде тексерілуге кеңес беріледі. Қолданыстағы ережеге сәйкес жүкті әйелдер АИТВ-ға есепке тұрарда және 28-30 апта (2 рет тексерілу) мерзім кезінде тексеріледі. Босандыру үйіне АИТВ жұқпасына 2 рет тексерілу нәтижесінсіз  немесе егер 1 рет тексерілгеннен кейін 3 аптадан артық уақыт өткен соң келген немесе айырбас картасынсыз (обменная карта) түскен жүкті әйел  АИТВ-ға  алдын ала экспресс-тест қою арқылы тексеріледі. Жүктілікті үзу алдында да АИТВ-ға тестілеу жүргізілу қажет. 
Жүкті әйелдерге кеңес беру мен АИТВ-ға тестілеу, балаларды АИТВ жұқпасынан алдына ала сақтандыруға арналған маңызды рәсімдер болып табылады. Оның үстіне болашақ баланың әкесінің АИТВ статусын анықтау алдағы уақытта ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуда маңызды роль атқарады, сондықтан медицина қызметкерлеріне жүкті әйелмен қатар оның жыныстық серіктесіне де АИТВ-ға тексеру жүргізу ұсынылады. Алдын алу шаралары болмаған жағдайда және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның анадан балаға берілу қауіптілігі 35%-ды құрайды. Алдын алу бағдарламаларын енгізу емшекпен емізуді сақтау кезінде 5%-ға дейін және оны жасанды тамақтандырумен ауыстыру кезінде 2%-ға дейін берілу қауіптілігін төмендетуге мүмкіндік береді. 
Сонымен, адамның иммун тапшылығының вирусы балаға жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде берілуі мүмкін. Жүктілік және босану кезіндегі уақытылы іс-шаралар бұл қауіптілікті 1-4%-ға дейін азайтуға мүкіндік береді. Өкінішке орай, вирустың балаға берілу ықтималдығын болғызбау  мүмкін емес. Көптеген әйелдер жүктілік пен босануды өздерін сезінуіне және АИТВ жұқпасының дамуына қалай әсер ететінін ойлайды. 
Сәтіне қарай, барлық зерттеулер баланың дүниеге келуі АИТВ-ға оң нәтижелі әйелдің денсаулығына зиян келтірмейтінін айтады. Жүктілік кезінде барлық әйелдердің иммундық статусы төмендейді, бірақ босанғаннан кейін қалпына келеді. Егер әйелдің иммундық статусы 200 клетка/мл-дан төмен болса және ол ЖИТС сатысында болса ғана ықтимал мәселелер болады.  
Жүктілік және босану кезінде вирустың берілуін болдырмау үшін бір немесе үш ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектердің арнайы алдын алу курсын тағайындайды. Жүктілік кезінде оларды 14 аптадан бастап қабылдай бастайды. Бұл дәрі-дәрімектер жүктілік кезінде қабылдауға және сәби үшін қауіпсіз, балаға ешқандай зияны жоқ. Алайда кейбір ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектерді жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. 
Сондықтан егер сіздерге терапия тағайындаса - дәрігермен жүктілікті жоспарлау және сол кезде қабылдау мүмкіндіктерін талқылаңыздар. АИТВ жұқтырған әйелдердің бала тууының оңтайлы әдістеріне қатысты біріңғай пікір жоқ. Кейбіреулері қауіптілікті төмендету үшін кесарь тілігі операциясын ұсынады. Алайда бұл қуыс операция, яғни бұл қан кету қауіптілігі және әйелдің денсаулығына қауіп келтіретін операциядан кейінгі инфекцияларды көрсетеді. 
Сондықтан егер әйелде кесарь тілігі операциясына арналған басқа көрсеткіштер болмаса және вирустық жүктілігі аса көп болмаса, көптеген дәрігерлер табиғи босануды ұсынады. 
Есірткі тұтыну, ішімдік ішу және темекі шегу АИТВ-ның балаға берілу қауіпін арттырады, сондықтан олардан аулақ болған жөн.  Егер сіз жүкті болуды  енді ғана жоспарласаңыз, есірткі немесе никотинге тәуелділік бойынша көмекке жүгінгеніңіз дұрыс. 
Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану қажет – бұл баланың АИТВ-ға оң нәтижелі болу ықтималдығын азайтады. 
Күйзелулерден аулақ болып, көбірек демалуға тырысқан жөн. Кейбір витаминдер баланың дамуына ғана пайдалы емес, сонымен бірге АИТВ-дан қорғауы мүмкін. Тек қана мынаны ескерген дұрыс, витаминдерді дәрігер тағайындау қажет. Емшекпен емізу кезіндегі АИТВ-ның балаға берілу ықтималдығы шамамен 14%-ды құрайды, сондықтан оны болдырмау қажет. 
Сонымен бірге анда-санда емшекпен емізу үнемі емізуден гөрі қауіптірек болуы мүмкін. Уақытылы табиғи тамақтандыру баланы барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге қабілетті. Көптеген АИТВ-ға оң нәтижелі аналарда сондай-ақ С гепатиті бар. Жүктілік және босану кезінде С гепатитінің балаға берілу қауіптілігі өте төмен, бірақ егер анасында АИТВ болса жоғары. Жалпы сарапшылардың бағалаулары бойынша бұл қауіптілік 10%-дан аспайды. Көбіне С гепатиті босану кезінде беріледі және жоспарлы кесарь тілігі операциясы оны азайта алады. 
Балалар анасының қарсы денелерімен дүниеге келеді, сондықтан егер анасында АИТВ болса, баланың талдау нәтижесі тіпті онда вирус болмаса да оң болады. Егер балада АИТВ болмаса, қарсы дене бірнеше уақыт өткен соң жоғалып кетеді. Әдетте бұл жағдай 12-18 ай кезеңінде болады. Қарсы денені емес, вирустың өзін анықтайтын ПЦР тесті бар. ПЦР босанғаннан кейін 4 аптадан соң 90%-ға, ал 6 айлығында 99% -ға дұрыс. Бірнеше уақыттан кейін балада вирустың болуы белгілі болады. Үнемі балаға АИТВ-ға анализ жасап тұру керек, дәрігерден кеңес алып және мүкіндігінше баланың денсаулығына мұқият қарап отырған дұрыс. Көбіне балаларға қойылатын диагноз басымды оқиғаларында, соңында алынып тасталады.  Жаман жағдайда, егер балада шынымен АИТВ болса, ерте  жасында ауыр науқастың болуы қауіпті болады.   Үлкендерді емдейтін ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмектер балаларға да тіпті кішкентай балаларға да келеді. АИТВ-мен өмір сүретін балалардың денсаулығына айрықша мұқиятпен дәрі-дәрімегін дер кезінде қабылдауын, инфекцияның алдын алу, құнарлы тамақтандыруды ескеру  қажет.   
Алайда заманауи емдеу әдісінің арқасында АИТВ-мен дүниеге келген көптеген балалар бүгінгі күні ер жетіп, ал кейбіреулері АИТВ-ға теріс нәтижелі балалардың әкесі де болып үлгерді. Ата-ана болу үлкен жауаркершілік, және АИТВ ата-ананы мазалайтын тағы бір себеп болуы мүмкін. Ата-ана ретінде сіздерге өз демалыстарыңызды жоспарлап және балаға байланысты қамқорлықтан бір сәт серпілуді үйрену қажет. 
Сондай-ақ енді сіздердің денсаулық туралы қамқорлықтарыңыздан  болшақтарыңыз ғана байланысты емес.  Дәрігерге баруды, дәрі-дәрімек қабылдауды немесе анализ жасатуды жібермеңіздер. Егер сіз қатты науқас болсаңыз, балаларыңызға не болатыны сізді мазалайтын шығар. Бұл қалыпты жағдай, АИТВ статусына қарамай, ешкім де бұндай жағдайдан қорғалмаған. Дей тұрғанмен де сіздің отбасыңыз өзіңіздің қалауыңыз бойынша соншалықты берік болады, тіпті АИТВ да кедергі бола алмайды!

 

ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ ВИЧ В КАЗАХСТАНЕ УВЕЛИЧИЛАСЬ ВДВОЕ

ЕЛДЕ АИТВ ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ АЗАЙМАЙ ТҰР

Алматыдағы ВИЧ; іңдет өршіп бара ма?

КҮЙЕУІМНЕН СПИД АНЫҚТАЛДЫ!

КҮЙЕУІМНЕН СПИД АНЫҚТАЛДЫ!

Қауіпті дертпен күресіп жүр

Қауіпті дертпен күресіп жүр

День борьбы со СПИДом

1 ЖЕЛТОҚСАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СПИД-КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Астанада ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай баспсөз мәслихаты өтті

В СТОЛИЦЕ РАСТЕТ ЧИСЛО ВИЧ-ИНФИЦИРОВАННЫХ

305 случаев заражения ВИЧ-инфекцией выявлено в столице с начала года

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтпек

Широкомасштабная акция для студентов в КазНУИ «Шабыт»

Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтіп жатыр

Глобальные пандемии

ВИЧ-не приговор

ВИЧ: история одного больного, Телевидение «7 канал»

Карантин кезіндегі дәрігерлер қызметі 

ВИЧ жұқтырғандар жіті бақылауда

Елде ВИЧ-ке шалдыққандар саны азаймай тұр

 

Елордада мыңнан астам адам иммундық тапшылық вирусына экспресс-тестілеуден өтті

Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы күрес күніне арналған акция өтті

Қауіпті індетті пайғамбар жасынан асқан қариялар да жұқтырған

Елордада ЖИТС және АИТВ -мен күрес айлығы басталды

Ғасыр індетін жұқтырғандар қатары азаяр емес

ЖИТС-орталығында құрбандарға еске алу күніне журналистерге пресс конференция өткізілді

Сақтансан, сау боласың!

Қариялар жыныстық қатынастан СПИД жұқтырған

ТВ «Казахстан» Тема: ЖИТС пен туберкулез кәсіпкерлікті жүргізуде кедергі болмауы тиіс

Хабар/24.kz/kz, передача Медицина Тема: Жұқтырылған иммундық дефицит синдромы

ТВ «Казахстан» Тема: «Өз мәртебеңді  біл!» акциясы «Нұрлы Жол» вокзалында отті

ТВ «31 канал» Тема:  Өз дәрежеңді біл

ТВ «Астана» Тема: Астана иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны азайды

Басты жаналыктар

АИТВ статусы

Елордада иммун тапшылығы вирусына шалдыққандар саны 33 адамға толықты

По распространению ВИЧ инфекции Казахстан входит в группу стран с наименьшими рисками

Елімізде СПИД ауруына шалдыққандарды шеттету белең алып тұр

Доктор рекомендует. ВИЧ инфекция (16.07. 2018 г.)

«АИТВ жұқпасының қалай алдын аламыз?»

«АИТВ бизнеске кері әсерін тигізбейді»

ПОМНИМ, ЗНАЕМ, ПОБЕДИМ!!!

АИТВ/ ЖИТС -тың алдын алу бойынша ақпараттық ролик

АИТВ инфекциясының алдын алу

Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

«Бюро расследований». ВИЧ - не приговор

Источник: http://khabar.kz/ru/arkhiv/programmy/byuro-rassledovanij/item/67274-byuro-rassledovanij-vich-ne-prigovor
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

«Бюро расследований». ВИЧ - не приговор

Источник: http://khabar.kz/ru/arkhiv/programmy/byuro-rassledovanij/item/67274-byuro-rassledovanij-vich-ne-prigovor
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

«Бюро расследований». ВИЧ - не приговор

Перезагрузка

Узнай свой вич статус

 

Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы акция

 

Нысана 18.01.15

 

Нысана 14.12.14

 

Ғасыр дертіне қарсы шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтуде

Выступление специалистов Центра СПИД в программе "Астана". 

 

Онлайн конференция с участием Б.Байсеркина  19.11.14

Молодое поколение казахстанцев стало заложником сексуальной революции

 

 

 

Бұл бет құрылуда

 

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Кім және қашан АИТВ-ға тестілеуді өтеді
test1Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар ерікті жасырынды және (немесе) құпиялы тексеруге және АИТВ-инфекциясы сұрақтары бойынша ақысыз түрде кеңес алуға құқылы. 
Сонымен бірге, АИТВ-инфекциясына міндетті құпиялы медициналық тексеруге жататын саннатты адамдар бар. Бұл қан және оның құрамы, ұлпа және (немесе) мүшелердің (мүше бөліктері), жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттері, АИТВ жұқтыру мүмкіндігіне толыққанды негізі бар тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдарының сұрауларының негізінде, прокуратура, тергеу және сот, сондай ақ клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар.

   Тексерудің клиникалық көрсеткіштері дегеніміз не?
   Мүмкін АИТВ инфекциясын жұқтырған деген немесе иммун тапшылығы бар деген ойына апаратын, оппортунистік деп аталатын аурулар, сондай ақ синдромдар және симптомдар қатары бар. Бұл аурулар АИТВ инфекциясының диагнозының жоқ немесе бар екенінің, міндетті түрде тексерілудің клиникалық көрсеткіштері болып табылады. 
   Эпидемиологиялық көрсеткіштер болып келесі, анықталған территорияда болған, тұрғындардың жеке топтарының арасында және АИТВ-инфекциясының әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізгендегі жағдайлар. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойнша тексеруге жататын:

  • АИТВ-жұқтырғандармен немесе ЖИТС-пен ауратындармен жыныстық қатынаста болғандар         
  • инъекциялық есірткіні бірігіп қолданғандармен қатынаста болғандар;
  • test2есірткіні инъекциялық қолданғандар наркологиялық қызметке тіркеуге қойған кезде және әр 6 ай сайын;
  • орынсыз жыныстық қатынасқа түсетіндер, оның ішінде секс қызметкерлері және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер;
  • тергеу изоляторларға түскендер, қабылдағыш-таратқышқа, түзету мекемелеріне түскен кезде, түскеннен кейін 6 айдан соң, сондай ақ босап шығардың алдында. Одан басқа олар мекемеге келген кезеңде еріктері бойынша тексеріле алады;
  • АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-н ауратын аналардан туған балалар;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында апаттық жағдайлардың кесірінен зардап шеккендер, АИТВ-мен кәсіби қатынаста болғандар немесе осындай қатынастың жоғарғы ықтималдығы (жедел жәрдем, төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері және т.с.с.), сексуалдық зорлыққа тап болғандар - медициналық тексеруге бағытталған сәтте және әрі қарай 1 және 3 айдан кейін өтеді;
  • медициналық қызметкерлер, АИТВ-инфицирленген материалдармен жұмыс істейтін қызметке кіріскен сәтте және әрі қарай жылына 1 рет;
  • әскери қызметке шақырылушылар, контракт бойынша қызмет атқаратындар, әскери оқу орындарының абитуриенттері;
  • жүкті әйелдер, жүктілігін сақтауға шешкен әйелдер міндетті түрде 2 рет тексерілуден өтеді:

   1) ә/к тіркеуге тұру кезінде;
   2) жүктіліктің 28-30 апта мерзімінде;

  • сондай ақ жүктілігін үзуді қалаған әйелдерде АИТВ-ға міндетті түрде тексеріледі;
  • босану мекемелеріне түскен АИТВ-на 2 рет тексерілу қорытындысы жоқ жүкті әйелдер немесе 1 рет тексерілген, бірақ босануға 3 аптадан көп уақытта түскендер, перзентханада міндетті түрде тексеріледі.

АИТВ-ға зертханалық диагностика қалай өтеді, талдауға қалай дайындалу керек

 АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы. 

АИТВ-ға тестілеу - бұл адамның қанында АИТВ-ға антиденелердің бар болуын зертханалық әдіс арқылы зерттеу. Күрделі талдаулардың көмегімен АИТВ-ң өзі анықталмайды, оған деген жиынтық антиденелер - вирустың кіруінің куәгерлері. Ағзада АИТВ-ға антидене анықтау көлемінде бірден өндірілмейді, вирустың енуінен кейін біраз уақыт өткен соң пайда болады. Антиденелерді табу негізіндегі АИТВ-ға тест, инфекцияның берілуінен кейін 2-3 аптада оң нәтижелі болады, сирек жағдайда ғана бұл кезең 6 айға созылады, орташа 3 ай. Нақты осы кезең уақытында вирустық салмақтың жоғарғы көлемі байқалады, ендеше АИТВ-ң берілуінің жоғары мүмкіндігі бар! 
  Сондықтан уақытты созбау өте маңызды, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу қорқынышын жеңіп шығу. 
    Бұл үшін тек Сіздің тестілеуден өту шешіміңіз қажет. 
  Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ). Қанды алу процедурасы ауыртпалықсыз және қауіпсіз. 
  Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады. 
   Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады. 
   Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.

Тексеру барысында АИТВ-ны жұқтыруға болама
   Өкінішке орай, талдауды тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтыру қорқынышы, кей адамдарға өзінің АИТВ-статусын білуге кедергі қоятын тағы бір себеп болып табылады. Көбінде бұл білмегендікпен байланысты. 
   Медициналық ұйымдарда талдауға қан жинау үшін тек бірреттік құралдар қолданылады. Жоғарыда айтылған, арнайы бірретік стерилденген вакутейнерлер, жабық жүйелі және толықтай қауіпсіз. Қан тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтырып алу мүмкін емес.

Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіздерді тестілеу
   Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаларды АИТВ инфекциясының бар болуына куәландыру олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімдерімен жүргізіледі.
   Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекцияның болуына тексеру нәтижелері олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

Талдаудың қорытындыларының түсіндірулері 
   Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылмаса, онда, тест қорытындысы – теріс, яғни адам жұқтырмаған, дені сау. Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылса, онда, тест қорытындысы – оң, яғни адамда АИТВ-инфекциясы бар. 
   АИТВ-ға антидененің бар болу қорытындысы, АИТВ-ны жұқтырғанына сәйкес, қайта қадағалау үшін жіберілген талдауды, тек Республикалық ЖИТС орталығы зертханасы (Алматы қаласы) береді. Оң қорытынды болған жағдайда білікті медициналық көмек үшін бірден ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционистіне жүгіну керек. ЖИТС орталығы дәрігері тексерілушіге АИТВ-инфекциясының оң қорытындысы туралы жазба түрінде хабарлап, өз денсаулығын қорғауды және маңайындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған, сақтану шараларын сақтау қажеттіліктерін, сондай ақ әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершіліктен, емделуден жалтару және басқа адамдарға жұқтыру туралы ескертеді. Оны диспансерлеу және емдеудің қажеттілігі сұрақтары шешіледі. 
   Зерттеу қорытындысының тағы бір варианты, сирек кездесетін- күмәнді. Бұл екі жағдайда болуы мүмкін: адам АИТВ-ны жақында жұқтырса және қарапайым тест-системалармен антидене концентрациясын анықтау үшін жеткіліксіз, немесе АИТВ жоқ болған кезде, бірақ алмасу немесе аутоиммунды сипатты - басқа созылмалы аурулар бар. Күмәнді тексеру қорытындысы болған кезде 1-3 айда қайталайды.

Құпиялықты сақтау және жасырын тестілеу
   Азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактілерінің құпиялығы және жасырынды тестілеуі 18.09.2009ж. №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі 95 бабы 1 тармағына "Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды» сәйкес кепілдендіріледі. Осы Кодекстың 182 бабы 6 тармақшасына сәйкес медицина қызметкерлері дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті. 
Экспресс-тестілеуtest4
   Қазіргі уақытта экспресс-тестілеу немесе АИТВ-ға антидене бар жоқтығын жылдам анықтайтын әдіс бар. Аталған тестілеуде саусақтың терісін арнайы ине-тұтқамен ауыртпай теседі. Капиллярлық қан тамшысы тест-жолаққа ағызылады, 20 минут ішінде қорытындыны көрсетеді. Бірақ айта кететіні, экспресс тестіледің қорытындылары міндетті түрде ИФТ әдісі арқылы расталуы қажет.

Анықтама-сертификаттың берілуі 
   Кейбір мемлекеттер кіруге/визаға рұқсат алуға немесе басқа мақсатта, АИТВ-ның жоқ екенін растайтын сертификат талап етеді. Азаматтарға АИТВ–ның антиденелерге тексерілу қорытындысының терістігін растайтын анықтама-сертификаттың берілуі, жергілікті ЖИТС-н алдын алу және күресу орталықтарында жеке бас құжатын көрсеткен кезде 3 жұмыс күні ішінде тексерілушінің биоматериалдары зертханаға түскен сәттен бастап жүзеге асады. Анықтама-сертификат берілген сәттен 3 ай мерзімінде жарамды.

АИТВ-ға тестілеуді қайда өтуге болады
   АИТВ-инфекциясына тестілеуді ЖИТС орталығында мына мекенжайда өтуге болады: Есенберлин көшесі, 5/1, 9.00 дан 18.00 сағатқа дейін (үзіліс 13.00-14.00, демалыс: сенбі, жексенбі) немесе кезкелген қаладағы басқа медициналық мекемеде. 
 АИТВ-инфекциясына тексерілушілердің медициналық ұйымдарда қан алу, тексерілушілердің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іске асады, әріқарай биоматериал сынамасы ЖИТС орталығына жеткізіледі.
   ЖИТС орталығында қан алу, АИТВ жұқтыруға шалдығу қауіпі бар, АИТВ-жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауратындар жыныстық серіктестері, есірткіні инъекциялық бірігіп қолданатын серіктестер, анықтама-сертификаттың бар екені талап етілетін тұлғаларға жүзеге асады.