ГФСТМ өкілдерінің Астана қаласына сапары
2023 жылғы 22 қарашада Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілдері (Швейцария, Женева қ.) - Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Жаһандық қордың аға портфолио менеджері Татьяна Виниченко, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Жаһандық қордың мониторинг және бағалау және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік менеджері Давид Кокиашвили және ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры Бауыржан Байсеркин келді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің №55765 әскери бөлімінде семинар
2023 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, №55765 әскери бөлімнің базасында «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өтті.
Подробнее: ҚР Қорғаныс министрлігінің №55765 әскери бөлімінде семинар
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» акциясы өтті
Осыдан 35 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен алғаш рет Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні құрылды, оның басты мақсаты АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру болды.
Елордалық «Әлем» сауда үйінде акция өтті
2023 жылдың 21 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Әлем» сауда үйінің келушілері мен қала тұрғындарына арналған акция өтті.
Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік басталды
2023 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана» теміржол вокзалында «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ауқымды акциясын өткізді.
Подробнее: Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік басталды