Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар
02.08.2023 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Еркінқызының қатысуымен семинар өтті.
Құрметті клиенттер, Сіздерге Достық кабинеттің жаңа жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз!
Достық кабинетте сіз АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), қорғаныс шаралары туралы ақпарат ала аласыз, АИТВ және ЖЖБИ-ге ерікті және құпия түрде тестілеуден өтіп, байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ала аласыз.
Енді Брусиловский көшесі 4 үйде орналасқан Достық кабинеті әр сенбі сайын сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Шетел азаматтарына АИТВ-инфекциясы кезіндегі медициналық көмек
Қазақстан Республикасы көптеген шетелдік мигранттарды қабылдайтын елдердің бірі болып табылады, бұл ретте АИТВ-ның оң мәртебесі бар шетелдік азаматтар елден шығарылмайды. 2011 жылдан бастап АИТВ-инфекциясы Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулар тізбесінен алынып тасталды.
Подробнее: Шетел азаматтарына АИТВ-инфекциясы кезіндегі медициналық көмек
«SHALQAR» радиосында тікелей эфирде
2023 жылдың 30 маусымында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер психотерапевты Ережеп Ақтоты Қыдырбайқызымен «SHALQAR» радиосының тікелей эфирінде «Жандауа» бағдарламасында, «АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу» тақырыбында сұхбат өтті.
Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында ауқымды акция өтті
2023 жылғы 24 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында қонақтар мен қала тұрғындары үшін «Мықты отбасы - есірткіден алыс» деген атаумен ауқымды акциясы өткізілді. Іс шара «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Акцияға «ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті», «Білім басқармасының» өкілдері, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» мамандары, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қызметкерлері және «Санат әлемі» қоғамдық қорының үйлестірушілері қатысты.
Подробнее: Астана қаласының «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында ауқымды акция өтті