Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Бұл іс – шараның мақсаты - ЖИТС-тен зардап шеккен адамдарды еске алу, қоғамды АИТВ-ның берілу жолдары, инфекциядан қорғау тәсілдері және ауруды уақтылы диагностикалау, жұқтыру қаупі факторлары туралы хабардар ету.

WhatsApp Image 2023 05 17 at 14.41.55

2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында негізгі топтар үшін Байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ орталығының, «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Heath Institute» ҚБ аутрич-қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді.

IMG 0113

2023 жылғы 6 сәуір мен 7 сәуірде "№2 қалалық көпбейінді аурухана" ШЖҚ МКК және "№3 қалалық көпбейінді аурухана" ШЖҚ МКК акушерлік блоктары базасында "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" МКҚК эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық және зертханасының қызметкерлері ескертулерді жою және ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚДИАҒО мамандарына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету нәтижелері бойынша дәрістер, сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін практикалық сабақтар өткізді.

1

2023 жылдың 31 наурызында "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" МКҚК базасында диагностикалық зертхана эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, профилактикалық, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдердің мамандары үшін, "АИТВ-ға тестілеу (капиллярлық қанды алу, және тестілеу нәтижесін түсіндіру)" тақырыбында консультациялық-әдістемелік көмек көрсету нәтижелері бойынша ескертулерді жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде семинар өткізілді.

1680504641224

2023 жылдың 28 ақпанында Астана қаласы АИТВ орталығы базасында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.

IMG 1948