2022 жылғы 23 қарашада елордалық «Астана теміржол вокзалы» жолаушылары мен келушілеріне арналған жедел тестілеу акциясы өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС күніне қарсы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.

1

2022 жылғы 23 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Хан Шатыр» СОСО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлық нормаларын сақтай отырып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу бойынша акция өткізді. Бұл акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған.

 WhatsApp Image 2022 11 23 at 14.37.37 1

2022 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Астаналық» базарында келушілер мен қызметкерлерге арналған акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласы Байқоңыр ауданының СЭББ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізілді.
 
WhatsApp Image 2022 11 22 at 14.42.53

2022 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Астана қаласының №4 емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, «Рауан» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мен профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлерімен бірлесіп,  «Өз мәртебеңді біл» ұранымен «Ашық есік күнін» өткізді.

1 2

17.11.2022ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының базасында «Шаг в будущее» ҚҚ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде Медициналық денсаулық орталықтарының еріктілері үшін семинар-тренинг өткізді.

WhatsApp Image 2022 11 17 at 15.27.09