WhatsApp Image 2022 06 14 at 11.02.29

 

ВИДЕО 1

 

ВИДЕО 2

2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ДДСҰ материалдарын пайдала отырып, медициналық қызметкерлермен маймыл шешегі вирусынан туындаған инфекцияның эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша семинар сабағы өткізілді.

WhatsApp Image 2022 06 08 at 12.17.31

04.06.2022 жылы, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында, Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында салтанатты түрде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Одан кейін ұжым жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндамада барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметпен қарау, ұжым арасында патриоттық рух туралы айтылды.

WhatsApp Image 2022 06 06 at 09.38.16 1

1 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Оның басты мақсаты - бүкіл әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару. Жаздың алғашқы күні Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «Жизнь вопреки» ҚҚ қолдауымен орталықта диспансерлік есепте тұратын балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

1

2022 жылдың 27 мамырында ҚДИАҒО хаттамалық нұсқаулығына сәйкес ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Нұр –Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың процедуралық медбикелеріне АИТВ-ға қан сынамаларын алу ережелерін сақтау бойынша семинар өткізілді.

12705