IMG 20201118 110831 11

2020 жылдың 20 қарашасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен жүргізілген науқанды жалғастыру үшін Нұр-Сұлтан ЖИТС Орталығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған азық-түлік жиынтықтарын таратылуы өтті. Бұл көмек ЖИТС орталығында есепте тұрған ең мұқтаж 20 науқасқа ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2020 11 20 at 14.39.16

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» үздік бейнеролик байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақ ұлттық өнер университеті, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.

WhatsApp Image 2020 11 17 at 13.06.23

17.11.2020ж. Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының іс-шараларының жалғасыретінде,тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру ісіне белсенді қатысқан БАҚ қызметкерлерін марапаттау өтті. «Еуразия» бірінші арнасының журналисі Өтепқалиев Ержан, «BAQ.kz» ақпараттық порталының тілшісі Тілеуова Рахила және «Orda FM» радиосының жүргізушісі Төлепберген Майрақұрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG 20201116 WA0049

Биыл «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында мектеп және колледж оқушылары арасында «Менің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көзқарасым» тақырыбында шығармалар конкурсы өткізілді. Балалар өз жұмыстарында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарауға, кемсітушілік пен стигманы жою туралы ойларын айтты, әлемде АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату мүмкіндігі туралы пайымдады.

xw 1340902

«Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен елордада 16-шы қарашадан 22-ші қараша аралығында ЖИТС-ке қарсы күрес күндері басталды. 2020 жылы күллі әлемге үрей туғызған CОVID-19 пандемиясы баршамызға денсаулық мәселесі басты мәселе екенін, жақынына жанашыр болуды, ынтымақтастық баршаға ортақ жауапкершілік екенін дәлелдеп берді. Сол себепті де науқан биыл «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» деген тақырыппен ел назарын аударуды жөн көрген.