image 13 11 20 12 10

2020 жылғы 13 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде «Орда FМ» республикалық радиосында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының директоры Сабит Бекмағанбетұлы Абдраимов және Олимпиада чемпионы, ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы елшісі Бақтияр Артаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

IMG 20201014 WA0014

2020 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК конференц-залында бірінші курс студенттері үшін, АИТВ жұқпасы мен нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар өтті.

Акмешит Абу Даби Плаза вн. Алматы

2020 жылдың 5 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңартылған билбордтар орнатылды.

OOO1

2020 жылғы 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» республикалық апталығы шеңберінде ЖИТС орталығының мамандары «Видергебурт» немістер қоғамы, «SOS балалар ауылы» қоғамдық ұйымдарында және Нұр-Сұлтан қаласының «Техникалық колледжі» МКҚК іс-шаралар өткізді.

IMG 20200918 WA0036

2020 жылы 17-18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандарымен сынып жетекшілер мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара Қазақстандық туберкулезге қарсы іс-қимыл желісінің қолдауымен, жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алуға бағытталған әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылды.