Астана қаласының халықаралық әуежайында 50 адам АИТВ-ға тексерілді. АИТВ инфекциясы орталығының дәрігерлері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жедел тестілеу акциясын өткізді, сондай-ақ «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік науқан аясында инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтты.

 WhatsApp Image 2025 11 25 at 16.44.29

  2025 жылғы 25 қарашада елордалық «Аружан» СОСО келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу науқаны өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды және өткізді. Акция 2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін қалада өтіп жатқан және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған айлық аясында өтуде.

 WhatsApp Image 2025 11 25 at 11.25.28

       2025 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының «Евразия» сауда үйінің қызметкерлері мен келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция өткізілді.

WhatsApp Image 2025 11 20 at 16.15.51

    Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында 2024 жылғы 21 қарашада қалалық АИТВ инфекциясы орталығының мамандары «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ауқымды акциясын өткізді.

 WhatsApp Image 2025 11 21 at 16.30.49

   2025 жылғы 20 қарашада № 97 гимназия оқушылары үшін Астана қаласы АИТВинфекциясының алдын алу орталығының қызметкері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 11 20 at 12.01.04