Іс-шараның мақсаты-АИТВ алдын алу мәселелері бойынша әскери қызметшілердің хабардар болу деңгейін арттыру. Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж. К. Бекетова елордадағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, вирустың таралу жолдарын және оның алдын алу шараларын атап өтті.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ бұл құбылыстардың инфекцияның таралуының жалпы жағдайына қалай теріс әсер ететініне ерекше назар аударылды.
Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға 245 адам қатысты.











