2025 жылы 26 ақпанда Астана қаласы АИТВ орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру щеңберінде, Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңестің негізгі мақсаты халықтың негізгі топтары және жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге көмектесу болып табылады.
Кеңесте өзекті мәселелері бойынша «2024 жылғы Астана қаласы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Бақылаудан және тексеруден жалтарған адамдарды іздестіру, тұрғылықты жерін анықтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы ұсыныстар. Астана қаласы Полиция департаменті Арнайы қабылдау орындағы тиісті контингентті тестілеу мәселелері.», «2024 жылы Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп, халықтың әртүрлі топтары арасында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар» атты презентациялармен эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Б.К. Култанова мен алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г.Е. Каратаева сөз сөйледі.
Кеңес барысында Астана қаласының ПД-ның ҰҚҚК және ЕҚҚК басқармаларымен бірлесіп, негізгі топтар арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар бойынша өзекті мәселелер, АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарында бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар талқыланды. Кеңеске қатысушылар 2024 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын, сондай-ақ, 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.
Іс-шара соңында екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы шешім қабылданды.