05.03.2025 жылы Астана қаласының АИТВ орталығында қосалқы репродуктивті технологиялармен айналысатын клиникалардың басшылары, орынбасарлары, репродуктологтары және акушер-гинекологтардың қатысуымен семинар өтті.
Кездесудің мақсаты «Қосалқы репродуктивті технологиялардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Репродуктолог тәжірибесінде АИТВ және гемоконтактілі инфекциялардың алдын алу» атты ҚР ДсМ Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы 12.02.2025 ж. ұйымдастырған жиналыстың хаттамасын тиімді орындаулуы. Семинарды директордың орынбасары С.Б. Мусина ашты. «Астана қаласында 2024 жылғы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау. Жүкті әйелдер мен жыныстық серіктестерді АИТВ-ға тексеру тәртібі. Донорлар мен реципиенттерді АИТВ-ға тексеру алгоритмі, сонымен бірге қосалқы репродуктивті технологиялар рәсіміне қатысуы шеңберінде» презентациясымен эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б. К. Култанова баяндама жасады.
Емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі А. Ш. Сергалиева өз сөзінде АБАП бағдарламасының емдеу-профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ нәрестеге инфекцияның жұғу факторлары туралы айтты.
Семинар барысында қатысушылар ҚРТ қолдану кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қосалқы репродуктивті технологиялар бойынша қызметтерді алу шеңберінде донорлар мен реципиенттерді АИТВ-ға тексеру және кодтарды дұрыс қолдану мәселелері талқыланды. 2024 жылғы кезеңде жыныстық серіктестер мен жүкті әйелдерді тексеру, АБПБ кешенінің іс-шаралары бойынша проблемалық сұрақтар көтерілді. Қатысушылар ҚР ДСМ нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасады.
Іс-шара соңында тараптар 2025 жылға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.