Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Идрисова № № 13, 44, 67 мектеп–гимназияларының жоғары сынып оқушыларымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу. Неліктен жасөспірімдермен қарым-қатынас жасау маңызды?» такырыбында дәрістер өткізді.

WhatsApp Image 2025 03 18 at 15.34.29

   Дәрігер АИТВ-ның алдын алуда жасөспірімдердің адамгершілік және жыныстық тәрбиесінің орнын, ЖЖБИ мен АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және олардың алдын алу әдістері туралы айтып берді, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар айналасындағылар үшін қауіпті емес екенін, олармен дос болуға, оқуға және жұмыс істеуге болатынын еске салды.

   Оқушылар дәрігерге сұрақтар қойып, бір-бірінің жауаптарына түсініктеме беріп, пікір талас болды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері қызықты болды. Неліктен стигма мен кемсітушілікке жол бермеу керек, бір-біріне төзімділіктің қандай пайдасы бар.

  Кездесу соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Барлығы 360 оқушы қатысты.

WhatsApp Image 2025 03 18 at 15.34.28

WhatsApp Image 2025 03 18 at 15.34.26