Астана қаласы ҚР АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Қалалық фтизиопульмонология орталығымен бірлесіп ҚР ІІМ Қылмыстық - атқару жүйесі комитеті № 3 мекемесінің жеке құрамы мен сотталғандары арасында семинар өткізді. АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу туралы профилактикалық жұмыс бөлімінің эпидемиолог-дәрігері А.А. Идрисова баяндады.
Семинардың негізгі мақсаты қаладағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері, өзара іс-қимылды нығайту және алдын алу шаралары, жазасын өтеп жатқан адамдар арасында АИТВ - инфекциясының таралуын азайту, медициналық-әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту, сондай-ақ сотталғандар арасында жұқтыру қаупі егжей-тегжейлі талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың нәтижелі және оң жақтары атап өтілді және бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ-ны тестілеумен, емдеумен қамтуды жақсарту туралы шешім қабылданды.
Семинарға 150 адам қатысты.