2025 жылдың маусым айында «Гематология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде АИТВ орталығының мамандары, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі, Б.К. Құлтанова,, емдеу бөлімінің инфекционисті М.К. Абдумананова, және дерматовенеролог А.А. БекмағамбетоваАИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетумен бірге семинар өткізді.

WhatsApp Image 2025 06 26 at 15.20.08 1

Семинарда Қазақстан Республикасында және Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Астана қаласындағы донорлар мен реципиенттер арасындағы эпидемиологиялық жағдай ұсынылды.Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы болуы мүмкін белгілер мен ауруларды анықтау кезінде клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ-инфекциясына және донорлар мен реципиенттерді тексеру мәселелері талқыланды. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және диагностикалау мәселелері қозғалды. 

    АИТВ орталығының мамандары қатысушылардың назарын тұрғындар арасында жалпы АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттандыруды арттыру қажеттілігіне аударды.Медициналық көмекке жүгіну кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы да атап өтті.

WhatsApp Image 2025 06 26 at 15.20.08

WhatsApp Image 2025 06 26 at 15.20.08 2