2019 жылдың 30 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мен «Болашаққа қадам» қоғамдық қорымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы мектептеріндегі тәрбие ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары арасында «Білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық бағдарламалардың маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдер арасында профилактикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы, АИТВ-инфекциясының факторлары мен берілу жолдары, сонымен қатар оқушылар арасында қауіпсіз мінез –құлық жөнінде білім беру бағдарламаларының өзектілігі талқыланды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға үнпарақтар, плакаттар мен ақпараттық-оқу буклеттері сияқты ағартушылық материалдар таратылды.