2021 жылдың 11 мамырында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында «Есіл» ауданы әкімдігінің және «Жасыл жер» ЖШС қолдауымен ЖИТС орталығының мамандары «Жизнь вопреки» және «Шаг в будущее» қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, елорданың Ботаникалық бағында ағаш (шырша) отырғызу бойынша «АИТВ: теңсіздікті жою» акциясын өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы тағы да еске салып, жұртшылықтың назарын АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажеттілігіне аударғысы келеді.