Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс – шаралар жоспары аясында Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Содан кейін ұжым жиналысы өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарау және ұжым арасында патриоттық рух туралы ақпарат айтылды. Ұжымның жиналысы санитарлық ережелерді сақтай отырып өткізілді: бетперде кию және әлеуметтік қашықтық.