17.11.2022ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының базасында «Шаг в будущее» ҚҚ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде Медициналық денсаулық орталықтарының еріктілері үшін семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара барысында «Жас толқын»МДО мамандары сөз сөйлеп, қауіпсіз жыныстық мінез-құлықтың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, еріктілерге Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және есірткі тұтынудың алдын алудың өзектілігі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар тақырыптық ойындар мен викториналарға белсенді қатысты. Викторина соңында жүлделер табысталды. Іс-шараның барлық қатысушылары АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын алды.