2022 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Астана қаласының №4 емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, «Рауан» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мен профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлерімен бірлесіп, «Өз мәртебеңді біл» ұранымен «Ашық есік күнін» өткізді.

ЖИТС орталығының дәрігерлері Астана қаласындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайына, сондай-ақ осы іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Аталмыш шарада емханада тіркелген тұрғындарға АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша орталық дәрігерлерінен кеңес алу және АИТВ - ға жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Ал емхана тарапынан акцияға қатысқан тұрғындардың қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға жедел тестілеу және қан қысымын өлшеуге мүмкіндігі болды.