2023 жылы 17 ақпанда Астана қаласының АИТВ орталығында «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен ЖТМЖҚ грантын және 2022 жылға арналған Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында «2022 жылғы халықтың негізгі топтары арасындағы алдын алу іс-шаралардың қорытындылары» атты презентациямен алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ұ.Р.Сәулебаев сөз сөйледі. Кеңес барысында қатысушылар халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларды іске асыру бойынша мәселелерді, сондай-ақ, қалыптасқан проблемалық мәселелерді талқылап, 2023 жылы PREP жобасын іске асыру бойынша міндеттер белгіледі.
Іс-шара соңында тараптар 2022 жылы НТТ арасында алдын алу іс-шаралардың сәтті өткізілгенін атап өтіп, 2023 жылға арналған АИТВ бойынша алдын алу іс-шараларды іске асыру бойынша одан әрі ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.