2023 жылы 24 ақпанда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының базасында Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығымен жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шара қызметтердің өзара әрекеттесуін жақсартуға және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталды.
Кеңес барысында «2022 жылғы ҚПДО-да есепте тұрған ИЕТТ-ді тексеруді талдау» атты презентациямен алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің м.а. А.И.Жаманова сөз сөйледі, сондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланды. Есепті жылы барлық жағдайлардың 12,7% парентеральді жол құрды. ИЕТТ-ді алдын алу бағдарламалармен қамту 68%-ды құрды, 96%-ы АИТВ-ға экспресс-әдіспен тексерілді. ҚПДО-да есепте тұрған ИЕТТ-тер арасында АИТВ-ға ИФТ-әдісі арқылы тексерудің төмендеуі байқалады, оның себебі адамдардың диспансерлеуден жалтаруына байланысты болып табылады.
Талқылау нәтижелері бойынша екі жақ 2023 жылдың соңына дейін, оның ішінде ИЕТТ тобын ИФА әдісімен қамтуды арттыру үшін, одан әрі қадамдарды жоспарлады.