2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында негізгі топтар үшін Байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ орталығының, «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Heath Institute» ҚБ аутрич-қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар емдеу-профилактикалық қызметтердің негізгі топтарына – Достық кабинеттердегі байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсынуды талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың оң жақтары атап өтілді, сондай-ақ, АИТВ-ның таралуының алдын алу және халықтың негізгі топтарымен өзара іс-қимылда кемшіліктерді жою жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы мәселелер талқыланды.