Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Бұл іс – шараның мақсаты - ЖИТС-тен зардап шеккен адамдарды еске алу, қоғамды АИТВ-ның берілу жолдары, инфекциядан қорғау тәсілдері және ауруды уақтылы диагностикалау, жұқтыру қаупі факторлары туралы хабардар ету.

WhatsApp Image 2023 05 17 at 14.41.55

17.05.2023 жылы Астана қаласының политехникалық колледжінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай кең ауқымды акция өткізілді. Аталған іс-шараны «Болашаққа қадам» қоғамдық қорының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы өткізді. Акцияға 150-ден астам студент қатысты, олар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, антиретровирустық терапияның рөлі туралы ақпарат алды және осы атаулы күннің пайда болу тарихын білді. Сондай-ақ, студенттер викторинаға белсенді қатысып, онда дұрыс жауаптар үшін жастар үшін өзекті сыйлықтар (құлаққаптар, динамиктер, спорттық сөмкелер) алды.

Акция барысында қатысушыларға АИТВ-ға анонимді жедел тестілеуден өту ұсынылды. Барлығы жедел тестілеуден 46 адам өтті.

Акция политехникалық колледж оқушыларынан флешмобыменаяқталды, жастар АИТВ туралы ақпаратты өз бетінше зерделеу үшін флайер мен парақшалар алды.  

WhatsApp Image 2023 05 17 at 14.41.56 1

WhatsApp Image 2023 05 17 at 14.47.05