Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының" эпидемиолог дәрігері Б. К. Құлтанова 25.05.2023 ж. "Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығы"ШЖҚ РМК қызметкерлері арасында семинар-кеңес өткізді.

Бахыт К фото

Кеңеске қатысушыларға АИТВ - инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай ұсынылды, ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. №211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде клиникалық симптомдар бойынша донорлар арасында сұрақтар қаралды, "АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп – қарау қағидаларын бекіту туралы", сондай-ақ донорларды зертханалық кезеңге дейін тестілеу, іріктеу және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.