Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында елорда әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен 2023 жылғы 21 мамырда кешк3 уақытта «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды.

photo 5431538689495910007 y

 

 Бұл 40 жылға жуық уақыт бұрын ЖИТС індетімен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл лента, бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды. Сондай - ақ, осы күндері елорданың биік ғимараттарының бірі – «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимаратында тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында АИТВ-ның алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді. ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің басты шақыруы халықтың назарын АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне аудару, стигманы жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу, антиретровирустық емдеу мен медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

photo 5431538689495910008 y