2023 жылдың 15 мамыр айында Астана қаласының АИТВ нфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Култанова Б.К. пенитенциарлық мекеме бойынша жауапты медицина қызметкерлері үшін ОДО «Достық» мекемесінде арналған оқыту семинарын өткізді.

фото Култанова

Семинарға қатысушыларға АИТВ - инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, пенитенциарлық мекемелер мен тергеу изоляторындағы қамауға алынған және сотталғандарды АИТВ - инфекциясына тестілеу алгоритмі, №2 нысанға сәйкес кодтау мәселелері ұсынылды. Медицина қызметкерлеріне инфекция әдістеріне, қауіп фактілеріне және АИТВ жұқтырудың сақтық шараларына ерекше назар аударылды.

Медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларымен танысты. Семинар соңында қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.